73 отбасында – қоныс тойы

Пәтер кілттері Сәтбаев қаласының әлеуметтік осал топтағы, ата-ана қарауынсыз өскен, аз қамтылған, толық емес отбасының 25 азаматына берілсе, Жаңаарқа ауданындағы 48 көпбалалы анаға бұйырды. Осылайша, жыл басынан бері бүгінге дейін Ұлытау облысында 216 шаңырақ қоныс тойын тойлап үлгерді.

Пәтер кілттерін қуаныш иелеріне аймақтардың жергілікті әкімдері табыс етті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста 6000-нан астам азамат баспана кезегінде тіркеулі. Өңір бойынша қазіргі таңда 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.