Ұлытау облысында «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Бүгін «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалында облыстық сайлауалды штабтың салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға облыстық штабтың төрағасы, Құрылтайға үміткер Ақжол Құрмансейіт, сондай-ақ Құрылтайға үміткерлер мен штаб мүшелері қатысты.

Облыстық штаб ресми түрде өз жұмысын бастады. Алдағы бір ай ішінде Ұлытау облысының барлық қала-аудандарында 500-ден астам кездесу өткізу жоспарланып отыр. Бұл кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасып, партияның бастамалары мен бағдарламалық басымдықтары кеңінен түсіндірілетін болады.