Маңызды мәселелер қаралды
Дүйсенбі күні Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВТІҢ төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, талқыдан өткен ауданның одан әрі дамуы үшін аса маңызды мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті XLIX сессиясының күн тәртібіне шығарылды. Халық қалаулыларының басты жиынына аудан әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ, аудан әкімінің орынбасары Алмаз ҚАЙЫРБЕК, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден ДҮКЕМБАЕВ, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кенттер мен ауылдық округтер әкімдері байланысқа ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Сессияның күн тәртібіне «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы XLI сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы XLII сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», сондай-ақ, «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы XLI сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» №248 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелер шығарылды. Оларға қатысты хабарламаны аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин жасады.
Мандат иелері бұл мәселелерді жан-жақты талқылап, егжей-тегжейлі зерделеді. Талқылау барысында өздерінің көңіл төріндегі ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиянақты тұжырымдар жасалып, тиісті шешімдер шығарылды.
Жиын түйінінде, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков өзекті мәселелерді тыңғылықты талқылап, ортақ мүдделі шешімдер қабылдауға белсенділік танытқаны үшін депутаттар корпусына ризашылығын білдірді.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
