Әдеп — мемлекеттік қызметтің ажырамас қағидаты
Мемлекеттік қызметтегі кәсіби мәдениет пен қызметтік әдеп – қоғамның билік өкілдеріне деген сенімін қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі. Осыған орай Ұлытау ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Алмаз ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ ауданның мекеме және бөлім басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, заң талаптарын мүлтіксіз орындауы және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.
Әсіресе, мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызмет барысындағы мінез-құлқына қойылатын талаптарға назар аударылды. Азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті, әріптестермен өзара сыйластық, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау және әдеп қағидаттарын сақтау жөнінде түсіндірме берілді.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсіби міндетімен ғана емес, халықпен қарым-қатынасынан да көрінеді. Сондықтан азаматтардың өтінішіне құрметпен қарау, әдеп нормаларын ұстану және қызметтік жауапкершілікті сезіну – мемлекеттік қызметтің маңызды талаптарының бірі.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттарын сақтау бойынша нақты түсіндірулер жүргізілді.
Өз тілшімізден.
