ЖОШЫ ХАН КЕШЕНІНЕ БАРАР БАҒЫТ УАҚЫТША ӨЗГЕРДІ

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары!

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған су жіберу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын және туризмді дамыту бойынша салынып жатқан облыстық маңызы бар «Сәтбаев-Малшыбай-Жошы хан, Домбаул кесенесі» көпірінің жанындағы айналма жол уақытша жабық екенін хабарлаймыз!

Аталған жұмыстарға байланысты облысымызға келген қонақтардың Жошы хан кешені мен кесенесіне бару үшін Жезқазған жылу электр орталығы, Корғанбай жолы арқылы қатынауына болатынын ескертеміз.