Жолдаудың саяси жүйені жаңғырту стратегиясы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуге бағытталған нақты міндеттерді белгілейді.
Жолдауда көтерілген басты мәселелердің бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру, яғни табыс деңгейін көтеру, жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Әсіресе ауылдық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударылып, инфрақұрылым мен білім беру сапасын жақсартуға бағытталған реформалар ұсынылды.
Сонымен қатар, Президент саяси жүйені жаңғыртуға ерекше тоқталып, демократиялық процестерді тереңдетуді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді көздеді. Заңның үстемдігі мен әділетті сот жүйесін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарын реформалау мәселесі де жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі болды.
Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі.