Жас орманшы марапатталды
Жақында эколог күні мен дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты жиында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоршаған ортаны қорғау саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен №1 тірек мектебінің «Жас орманшы» қауымдастығының мүшесі Ниязғали Шерхан да болды. Ол табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті насихаттаудағы еңбегі үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Бұл жетістік жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқандығын көрсетеді.
Табиғат жанашыры Ниязғали Шерханның бұл жетістігі өз қатарластарына үлгі болып, табиғатты қорғау жолындағы игі бастамаларға тың серпін бермек.
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ.
