Мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Ұлытау ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысы Ерлан Ермаханбетов мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Іс-шараға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, кәсібилік пен меритократия қағидаларын нығайту, адалдық, ашықтық және заң үстемдігі принциптерін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заңнамадағы өзгерістер мен мемлекеттік қызметтің жаңа талаптары бойынша жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, Ерлан Ермаханбетов азаматтарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелерге заң шеңберінде түсініктеме берді.

Өз тілшімізден.