Жұмысшы мамандығы – қоғамның негізі
Қазіргі заманда қандай да бір елдің дамуы мен өркендеуі жұмысшы мамандығына тікелей байланысты. Зауытта, құрылыста, жолда, егістікте тер төгіп жүрген жұмысшылар – мемлекеттің экономикалық тірегі. Олар күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жасап шығарады, жол салады, үйлер тұрғызады, яғни біздің өмірімізді жайлы әрі қауіпсіз етуге үлес қосады.
Жұмысшы болу – бұл тек дене еңбегі емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік пен кәсіпқойлықты талап ететін мамандық. Жұмысшы өз ісінің шебері болуы керек, себебі оның жасаған әрбір ісі – басқалардың өміріне әсер етеді. Мысалы, құрылысшы дұрыс жұмыс істемесе, ол салған ғимарат апатқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан жұмысшы – адалдықтың, сапаның және шеберліктің үлгісі.
Қазіргі таңда техникалық мамандықтарға деген сұраныс артып келеді. Бұл – кәсіби жұмысшы мамандарының қоғамда маңыздылығы артып отырғанын көрсетеді. Елімізде дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, жастардың жұмысшы мамандығын таңдауға қызығушылығы артуда. Бұл болашақ үшін өте маңызды қадам.
Қорытындылай келе, жұмысшы – бұл еңбек адамы, қоғам үшін еңбек ететін жан. Олардың еңбегі – көрінбейтін, бірақ аса құнды. Сондықтан біз жұмысшы мамандығына құрметпен қарап, олардың еңбегін бағалай білуіміз керек. Еңбек еткен – мұратқа жетеді.
Назар АЙТЖАН,
белсенді жас.