Зейнетақы жинағын толығымен аударуға болады: 7 қыркүйектен жаңа ереже күшіне енді

Бұған дейін зейнетақы жинағының тек жартысын сенімгерлік басқаруға беруге рұқсат болған.

Бүгіннен бастап бұл шектеу алынды.

Осылайша, зейнетақы жинағы бар кез келген адам жеткіліктілік шегіне қарамастан барлық ақшаны сенімгерлік басқаруға аудара алады. Қазір зейнетақы қорының ақшасын Ұлттық банк басқарады.

Зейнетақы активтерін басқару үшін барлық талапқа сай келетін бес компания бар.

Салымшы өз жинақтарын басқа сенімгерлік компанияға бір жылдың ішінде бір рет қана аудара алады.