Даяна Федосова – Азия пара ойындарының қола жүлдегері
Ұлытау облысының спортшысы Федосова Даяна пара дзюдодан V Азия Пара ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, J2 санаты, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі III орынға ие болды.

Бұл — табандылық пен қажырлы еңбектің, қайсар рух пен жеңіске деген жігердің жемісі!
Даяна Федосованы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз.
