Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының басым бағыттар бойынша атқарған жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдады.

Берік Асылов:
🔹криминогендік ахуалды бақылау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу бағытында қабылданған шаралар жөнінде баяндады.
🔹Биылғы 9 айда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14,6 пайызға, соның ішінде қоғамдық орындардағы құқықбұзушылық 22,3 пайызға, көшедегі заңға қайшы әрекеттер 20,1 пайызға азайған.
🔹Құқық қорғау органдарымен және мүдделі құрылымдармен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күрес бойынша жан-жақты шаралар қабылданды.
🔹 бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,3 триллион теңге болатын активтер қайтарылғаны жөнінде мәлімдеді.
🔹Осы қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы мен реконструкциясы қаржыландырылды, оның 378-і аяқталды.
🔹Атап айтқанда, алты облыста ірі медицина нысандары, Астана қаласында Қ. Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Балқаш, Павлодар және Арқалық әуежайларын жаңғырту жұмыстары аяқталды.
🔹Активтерді қайтару, экстрадициялау және қылмыс жасаған адамдарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.
🔹Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 екіжақты келісімге қол қойды. Қазақстанға 50 адам экстрадицияланды, ал шет мемлекеттерге 123 адам берілді.
🔹Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығын орындау мақсатында инвесторларды қорғаудың жүйелі моделі жолға қойылғанын айтты.
🔹Жыл басынан бері 2886 инвесторға көмек көрсетілді. Прокурорлар 3,5 мың инвестициялық жобаның іске асуын қадағалап отыр.
🔹Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны «Цифрлық қадағалау» жүйесімен интеграциялау түйткілді мәселелерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
🔹 әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқы қалпына келтірілгенін атап өтті.
🔹Соның ішінде 200 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Еңбекақы бойынша 2,5 миллиард теңге, алимент бойынша 7,9 миллиард теңге берешек өндірілді.
🔹Прокурорлар мемлекет қаржысын жұмсау кезінде сомасы 535 миллиард теңге заң бұзушылыққа тосқауыл қойды. Бюджетке 66,4 миллиард теңге қайтарылды.
🔹Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын, әсіресе, жастар арасында ілгерілету, сондай-ақ қадағалау қызметіне цифрлық технологияларды және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Президент:
🔹барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде электоралдық кезеңде құқықтық тәртіпті сақтау шараларын үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды;
🔹сондай-ақ Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
