Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Облыс әкімі Есет Байкен Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын қайта тексерді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65%-ға орындалған.

Облыс әкімі мердігер компанияға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Келесі аптадан бастап нысан аумағын қоршау, сыртқы құрылыс жұмыстарын күшейту, ішкі әрлеу жұмыстарының қарқынын арттыру және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын бастау жөнінде міндет жүктеді. Сондай-ақ нысандағы жұмысшылар санын көбейту тапсырылды.

Есет Байкен қаржыландыру мәселесі туындамайтынын атап өтіп, мердігерге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, белгіленген мерзімдер мен талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.