СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ жыл бойы жүргізілуі қажет.

Облыс əкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат жиынында өңір басшысы Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ осылай деп кесіп айтты. «Көктемгі су тасқынына дайындық – мезгілдік жұмыс емес, ол жыл бойы жүргізілуі керек. Оның ішінде тоғандарды бекіту, тереңдету жəне аршу сынды жазда қолға алынған жұмыстарды қазір тіпті күшейтуді тапсырамын. Қар түскен уақытта кеш болады», — дегені аймақ басшысы тиісті басқарма басшылары мен аудан əкімдеріне нақтылы тапсырмалар жүктеді.

Бұл орайда біздің ауданға қатысты да бірқатар мəселелер тілге тиек болды. Атап айтқанда, биылғы су тасқыны кезінде зардап шеккен «Ащылысай», «Ұлжан», «Қияқты» су ағар құбырлары сөз болды. Жиында айтылған мəліметтерге сүйенер болсақ, Терісаққан ауылына қарасты жолдардың «Ұлжан», «Қияқты» сайларына салынған суағар құбырлар 2,5 млн теңгеге қайра қалпына келтірілген. Ал, Шеңбер ауылының жолдындағы «Ащылысай» сайының суағарын аудандық бюджеттен 18 млн теңгеге «Думан» жеке кəсіпкерлігі жөндеп, жолға қойған. Сонымен қатар, Жезді өзеніндегі атқарылып жатқан санация жұмыстары да сөз болып, бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуі қауіптен сақтану мүмкіндігі екені айтылды. Сондықтанда облыс əкімі қолға алынған бұл істі соңына дейін бақылауда ұстауды тапсырды.
Жиында Аманкелді ауылындағы «Кененбай» тоғанының жайы, ауылдық округ əкімдігі мен «Əжібаев» жеке кəсіпкерлігі арасында 5 922 560 мың теңгеге асатып алу туралы шарт жасалғаны, соған сəйкес тоғанды жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілетіні де айтылды.
Өңір басшысының айтуынша, облыс аумағындағы барлық тоған, су қоймасын дайындықтан өткізу жəне ауылшаруашылығын дамытуда қолдану үшін олардың есепте болуы маңызды. Осы орайда облыс əкімі Қылыш су қоймасын балансқа алу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау міндетін жүктеді. Одан бөлек, қызыл судың салдарынан жылда шайылып кететін жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін арнайы жоба дайындау қажеттігін жеткізді.
Жиында Жаңаарқа ауданының əкімі ауданға қарасты Жұмажанов, Ақтүбек, Орынбай ауылдық округінде бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Оның айтуынша, бұл жұмыстар қыркүйектің соңына дейін аяқталады.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.