СӘТБАЕВТА САЛЫНҒАЛЫ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН ҚОС БАЛАБАҚША ЖАҢАРТЫЛУДА
Оның біреуіне 30, екіншінісінің бой көтергеніне 60 жылға жуық уақыт өткен. Күрделі жөндеуден өту мүмкіндігіне ие болған қос нысанның бүлдіршіндері уақытша қаладағы өзге бөбекжайларға орналастырылған. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының Сәтбаевқа жұмыс сапары аясында нысандардың құрылысы қазанда аяқталатыны айтылды.
Өңір басшысы қала әкіміне қыркүйекте аяқталуы тиіс болған ғимараттардың жұмыс қарқынын, абаттандырылуын қадағалауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, қаладағы «Ақбота» балабақшасы «Қазақмыспен» орнатылған ынтымақтастық аясында корпорация есебінен, «Айналайын» бөбекжайы бюджет қаражаты есебінен жөнделіп жатыр. 58 жылдан кейін жаңартылып жатқан «Айналайынның» кіреберісін де мердігер демеушілік жолмен асфальттауды көздеп отыр.