Министрлік ата-аналарға үндеу жасады
Мектептерде күзгі демалыс басталды. Ол 26 қазаннан 1 қарашаға дейін қоса есептегенде жеті күнге созылады. Оқу 2 қарашада басталады.

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балаларға үйде, көшеде және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге және оларды сақ болуға шақыруға үндеді.
Мектептер балалардың бос уақытын өткізуге арналған шаралар ұсына алады. Ол шараларға балалардың қатысуы ата-аналармен келісіледі. Мектептен тыс шараларда жауапты ересектердің бірге жүруі қамтамасыз етілуі қажет, деді ведомство өкілдері.
