Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ел тыныштығы мен мемлекет қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға көрсетілер зор құрметтің мерекесі. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы, мәртебелі міндеті.
Қасиетті Ұлытау – ежелден ерлік пен намыстың мекені, ұлтымыздың алтын ұясы. Біз бүгін аға буынның қаһармандық дәстүрін абыроймен жалғастырып келе жатқан нағыз отаншыл азаматтарды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Айбынды әскеріміз – Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі».
Бүгінде өңірімізде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қорғаныс істері департаментінің үйлестіруімен жыл сайын жүздеген жас азамат Ұлытау өңірінен Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, нағыз сарбаз болып оралуда. Олар – ел ертеңі, мемлекетіміздің берік тірегіне айналатын саналы ұрпақ.
Осы мерекеде әскери қызметшілерге, ардагерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз еліміздің айбыны асқақ, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.