Құрметті ұлытаулықтар!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елдің қорғаныс қабілетін дамыту және нығайту – біздің мемлекет үшін бірінші кезектегі міндет, өйткені армия елдің бейбіт аспанының кепілі болып табылады. Біздің халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі. Бұл мереке өз еліне адал әрі абыройлы қызмет етуді мақсат тұтқандардың барлығын біріктіреді. Патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы және ішкі қауіп – қатерлерге қарсы тұруға әзір болу біздің әрқайсымыздың басты құндылықтарымыз болып қала береді. Бүгінгі таңда Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандық үшін құрметті міндет болып табылады.
Баршаңызды мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, зор табыс тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.
Біздің Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған әскеріміздің айбыны арта берсін!
Мереке құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.