Қазақстанда баланы туғаннан бастап тану жүйесі енгізілуі мүмкін
Сәбиді туған сәтінен бастап нақты анықтайтын жүйе әзірлеу мәселесін құрылтайда депутат Екатерина Смышляева көтерді.

Айтуынша, туу туралы куәлік баланың туғанын растайды, бірақ оның дәл сол бала екенін анықтауға жеткіліксіз.
Бұл нәрестелерді шатастырып немесе алмастырып алу қаупін туғызуы мүмкін.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселені шешу үшін биометриялық деректерді қолдану ұсынылып отырғанын айтты.
«Бала дүниеге келген соң оған ЖСН беріледі және туу туралы куәлік рәсімделеді. Ал жеке куәлікті фотосуретімен бірге бала 16 жасқа толғанда ғана алады. Оған дейін баланың жеке басын фотосуреті арқылы нақты анықтау мүмкіндігі болуы керек. Осы бағытта Әділет министрлігімен және ІІМ жұмыс істеп жатырмыз», – деді министр.
