Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ынтымақ пен татулық – біздің ең басты құндылығымыз. Қасиетті Ұлытау жері қашанда елдіктің, тұтастықтың алтын бесігі саналған. Бабаларымыз осы киелі мекенде бас қосып, ұлт тағдырын шешкенін тарихтан жақсы білеміз. Ұлытау – тек географиялық нүкте емес, ол Қазақстан халқының бірлігін, ұлттық коды мен мемлекеттік тұтастығын сақтаушы рухани аймақ.
Берекелі тірліктің негізі – өзара сыйластық. Бүгінде өңірімізде түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. Ортақ мақсат жолындағы осындай ауызбіршілік пен ынтымақ бізді жаңа жетістіктерге жетелейді.
Осы мерейлі мереке күні әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел бірлігі нығайып, тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.