Құрметті аудан тұрғындары!

Ұлыстың ұлы күніне балаған жыл басы – Наурыз бірлік пен береке мейрамы. Халқымыз бұл мейрамды қашанда биік көңілмен, кемел пейілмен ерекше қарсы алады. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, тарихтың тереңінен тамыр тартқан халқымыздың қастерлі мерекесі. Наурызда Табиғат-Ана түрленіп, күн менен түн теңесіп, халқымыз алдағы күндерден зор үміт күтеді. Сондықтан баршаңызды ұлық мереке – əз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлытау ауданының наурыздан наурызға дейінгі аралықта қол жеткізген табыстары аз емес. Биылғы мейрамға аудан тұрғындары жарқын көңіл, жақсы пейілмен келіп отыр. Өңірдің əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл санап өсіп келеді. Халықтың əлеуетін арттырып, тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осының нақты жемісі – жыл өткен сайын ауданымыздағы көпбалалы аналар саны көбейіп, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері де артатын болады. 2023-2024 жылдарда аудан орталығында 300 орынға арналған орта білім беретін мектеп құрылысы, 100 орынды балабақша, аудандық орталықтандырылған аурухана, жаңа жүзу бассейні, аудан орталығында көпқабатты 44 пəтерлі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, аудан бойынша 4 фельдшерлікакушерлік пункт салынады. Аудандағы бірнеше ауылдардың автокөлік жолдары жөнделеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына орай, Əулиетау баурайында «Рəміздер алаңы» бой көтереді. Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мақсатында облыс əкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандумға сəйкес, іргелі компания Əулиетауға көтерілетін баспалдақ орнатып, «Күмісбұлақ», «Тасбұлақ», «Ембұлақ» секілді халық жиі баратын орындарға абаттандыру жұмыстарын жүргізеді. Бұдан басқа да жұмыстарды атқару жоспарда бар.

Біз үшін сан жылдар бойы сабақтастығын үзбеген Наурыз мейрамының орны бөлек. Дана халқымызда: «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы аналар қалжалы болар, ұлы кісі бата берсе, ол жылы ел олжалы болар» деген қанатты сөз бар. Ең бастысы, аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалмен этносаралық келісім тұрақты.

Қымбатты жерлестер!

Наурыз мейрамы – бəріміз үшін аса қымбат, ұлық мереке. Сіздерді Наурыз мейрамымен тағы да құттықтай отырып, əр шаңыраққа шаттық, құт-береке, бақыт тілеймін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

Ұлытау ауданының əкімі.