Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының жеке қабылдауына бас-аяғы бес өтініш тіркелді. Азаматтар денсаулық сақтау, Сәтбаев автостанциясының ғимаратын қайта жаңғырту, қоныстандыру, нысандарды жекешелендіру және т.б. сұрақтарымен жүгінді.

Өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер айтылып, қажетті кеңестер берілді. Айта кету керек, Қарсақпай ауылындағы бір ғимараттың жұмысына қатысты мәселе сол жерде шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды.

Алдын ала жазылу төмендегі телефондар арқылы жүзеге асырылады:
8 (7102) 73-56-41, 8 (7102) 73-33-59.