Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және барша халықтың бір-біріне деген мейірімділігін, ризашылығын, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал ететін күн. Бұл күннің көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келуі мерекенің мәнің аша түскендей.
Халқымызда «Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың», «Қайырымын жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қанатты сөздер бар. Ұлытаудай қасиетті жердің тұрғындары ұлттық бірлікті Ту етіп көтеріп, қиналғанға көмек қолын ұсынып, елдің алғысына кеңеліп, берекелі тірлігі үшін еңбек етуде. Бұл үрдіс бізге тарихи дәстүрімізбен, адамгершілік қасиетімізбен дарыған. Бұл күндері арамызда әртүрлі салада және кәсіпте адал қызмет етіп, азаматтық ерлік жасап жүрген жерлестеріміз бар. Қарлы борандарда жолда қалып қойған, адасып кеткен замандастарымызды құтқарып жүрген ұлытаулықтарға, өрттің шырмауында қалған шаруашылықтарға жалынды ауыздықтауға қолұшын созған ержүрек жерлестеріме, өмір мен өлім аузында қиналған жанның амандығын қамтамасыз еткен денсаулық сақшыларына, балаларымызға білім мен тәрбиесін беріп жүрген ұстаздарға, жаттықтырушыларға, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі болған ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға алғысымызды білдіретін күн. Осындай алғысқа құқық қорғау қызметкерлері де, коммуналдық сала қызметкерлері де, қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлеріміз де, волонтерларымыз да лайық. Сіздерге мың алғыс!

Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!

Бірлігіміз бен ынтымақтастығымызға арқау болған ортақ құндылықтарымыз біріктіруші күшке айнала берсін.
Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге, өркендеп келе жатқан Ұлытау атты жаңа облысымызға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі орнай берсін!
Әрбір шаңыраққа береке-бірлік, елімізге татулық пен ашық аспан тілеймін!

Құрметпен,
Ұлытау ауданының әкімі А.Мырзабеков.