ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Нұрқожа Ермекұлы Бекжанов 1992 жылы туған.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2014 жылы аудиторлық компанияда аудитордың кіші ассистенті болып бастаған.
2015–2016 жылдары Сайрам аудандық статистика басқармасының жетекші маманы болған.
2016 – 2017 жылдары Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы болған.
2017 – 2018 жылдары Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті ОҚО бойынша департаментінің жетекші маманы.
2018 – 2022 жылдары ОҚО, Түркістан облысы Статистика департаменті Келес және Сарыағаш аудандарының Статистика басқармасында бас маман, басшы қызметтерін атқарған;
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
