Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында айтты.

«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», — деді жиында Президент.

Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңарады.