Сайлау күні – белсенділік пен жақсы көңіл-күйге толы өтті
Ұлытау ауданындағы сайлау учаскелерінде тұрғындар белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Сайлау учаскелеріне ерекше қонақ – Ұлар құсы келіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал көңілді аниматорлар балалардың көңілін аулап, сайлау күнін қызықты өткізуге үлес қосты.
Бұл күні жас отбасылар да, шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған отбасылар да өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Ауыл ақсақалдары да сайлау барысына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Сайлау учаскелері жабылып, дауыс беру аяқталды. Енді сайлау қорытындысын заңнама талаптарына сәйкес күтеміз.
Ел болашағы үшін жасалған әр таңдау маңызды!
