Президент Құрылтай Төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

«Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Вице-Президент және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізетінін айтты. Содан кейін Үкімет мүшелері, жаңа лауазым — Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалады.
