Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялады

Жаңа жауынгерлік оқу кезеңі басталады. Осыған байланысты барлық әскери басқару органы, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейінде болады. 

«Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Министрлік жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.