Облыс әкімі Жаңа жыл мерекесін Бас шыршаның қасында тұрғындармен атап өтті

Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы отбасымен бірге Жезқазған қаласындағы Алғашқы құрылысшылар алаңына жиналған тұрғындарды мерекемен құттықтап, естелік суретке түсті.

Орталық алаңда Ұлытау облысы тұрғындарының қатысуымен ән айтылып, би биленді. Жиналған халық мерекелік концертті тамашалап, ерекше көңіл-күйде тарқасты.