Ішкі істер органдарына қызметке қабылдайды

Ұлытау ауданы полиция бөлімі ішкі істер органдарына қызметке қабылдайды. Полиция қызметіне Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Кандидаттардың білімі, денсаулық жағдайы, моральдық-психологиялық қасиеттері және дене даярлығы заңнама талаптарына сәйкес бағаланады.

Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл абыройлы әрі жауапты мамандық. Қызметкерлерге тұрақты ақшалай қамтамасыз ету, еңбек өтіліне байланысты қосымша төлемдер, ақылы еңбек демалысы, арнайы атақ бойынша қызметтік өсу, тегін медициналық қамтамасыз ету, формалық киім, зейнетақымен қамсыздандыру және заңнамада көзделген өзге де әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
Қызметке қабылданатын үміткерлер арнайы тексеруден, әскери-дәрігерлік комиссиядан, психологиялық тестілеуден және дене шынықтыру нормативтерінен өтеді. Іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен азаматтар ішкі істер органдарында қызмет атқаруға қабылданады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қойылатын басты талаптар – жоғары жауапкершілік, адалдық, тәртіптілік, кәсібилік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және халыққа қалтқысыз қызмет етуге дайын болу.
Осыған байланысты, жастарды және ішкі істер органдарында қызмет етуге ниетті азаматтарды полиция қатарына қосылуға шақырамыз. Бұл – ел тыныштығын қорғауға, заң мен тәртіптің сақталуына өз үлесін қосуға берілетін үлкен мүмкіндік.
Қосымша ақпарат алу үшін Ұлытау ауданы полиция бөліміне немесе 8-777-340-26-99 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Ұлытау аудандық полиция бөлімі.