Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы, Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде жəне Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңестер туралы» үлгілік ережесіне сəйкес Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 10 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 8 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сəйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ұлытау ауданының аумағында тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын жəне (немесе) азаматтың өтінішін (өтініш үлгісі тіркеледі);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кəсіптік жəне (немесе) қоғамдық қызметі туралы мəліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға жəне жариялауға келісімді жібереді.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 18.00 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 13.00- ден сағат 14.00 аралығы. Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері 2025 жылғы 22 қаңтарынан 2025 жылдың 4 ақпан күнгі сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Кандидатуралар бойынша ұсынысты мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 200006, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 27, «Ұлытау аудандық мəслихатының аппараты» ММ-сі кабинет №12 Электронды мекен-жай: ulytaumaslihat@mail.ru,
Байланыс телефоны 87103521223.

Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы.