МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024: ҰЛЫТАУЛЫҚ ОТБАСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының Ұлытау облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған Қыдырпатшаевтар отбасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне қатысып, лауреат атанды.

Отағасы – Қыдырпатшаев Оразанбай 01.01.1938 жылы дүниеге келген. «Тезекбай» шаруа қожалығының иесі, сиырдың, қойдың жаңа қолтұқымдарын өсіріп жатыр.
​Отанасы – Зейнелхан Әділханова 01.01.1940 жылы дүниеге келіп, 12.06.2012 жылы қайтыс болған
​Қыдырпатшаев Оразанбай 1962 жылдан бастап Ұлытау ауданы, Жетіқоңыр совхозында аға шопан болды.

Сол шақта еділбай қойының басын өсіріп, өнімділігін арттыру жолында аянбай жұмыс істеп, көптің көзіне ілінді. Қой бағудағы жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған.

Сондай-ақ, ол 40 жыл бойы аға шопан болып еңбек еткен кезде Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 4 алтын медалін иеленді.
​1993ж шаруа қожалығын жекешелендірген әкесінің жолын қазіргі таңда ұлы Азатбек жалғап келеді.



Қыдырпатшаев Оразанбай 7 баласынан 35 немере, 28 шөбере сүйіп отырған абыз ақсақал. Жұбайы Зейнелхан Әділханова 2012 жылы дүниеден озды.
​Сексеннің сеңгіріне толған абыз ақсақал әлі де мал шаруашылығы саласында жүрген ауылдастарына, балаларына, ақыл-кеңесін үйретіп отырады.