Президент мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметшілер кәсіби білікті, озық маман болуға тиіс.

Өкінішке қарай, әзірге мұндай деңгейге жеттік деп айту қиын.

«Бізге шынайы реформа қажет. Көзбояушылыққа жол беруге болмайды. Бұл – құқықтық және қаржылық шаралар қабылдауды талап ететін аса күрделі үдеріс», – деді Тоқаев.

Президент әкімшілігі 2027 жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты кешенді жоспар ұсынуы керек.