Президент Жолдауы – еліміздің даму бағдарын айқындайтын бағдарламалық құжат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы – еліміздің жаңа жағдайдағы алдағы нақты даму бағдарын айқындайтын бағдарламалық құжат. Құрылтай отырысында Төраға Айбек Дәдебай осылай деп мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы жаңа саяси институттардың алдына нақты міндеттерді қойып отыр. Бұл – жүргізіліп жатқан реформаларды нақты мазмұнмен байыта отырып, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Осы орайда Құрылтай депутаттарына да зор үміт артылып отыр. Президентіміздің басты назарында әрдайым адам, оның әл-ауқаты және өңірлерді дамыту мәселелері тұр», – деді Айбек Дәдебай.
