Ұлытау облысынан екі жүлде: U19 әлем чемпионатында Владислав Саможонов – күміс, Индира Қыдырмолдаева – қола жүлдегер!

16–27 қазан күндері Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан U19 әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 68 елден 474 боксшы қатысып, 20 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Ұлытау облысының спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетті.

Владислав Саможонов аса ауыр салмақта (+90 келі) өнер көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Индира Қыдырмолдаева 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.

Осылайша, Ұлытау облысының қос спортшысы әлемдік додада жүлдегер атанып, өңір мерейін асқақтатты.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, әлем чемпионатын үздік бестіктің қатарында аяқтады.

Жерлестерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыс тілейміз!