Ұлытаулық 77 жастағы зейнеткер Парижге жаяу барды
Сәрсембай Қотырашев алғашқы саяхатын 2022 жылы елді аралаудан бастаған.

Алты айда 8 мың шақырым жаяу жүріп Қазақстанның бар аймағын аралапты.
Жиһангез кейін Ресей, Грузия, Түркия, Маңғолия, Қытай, Сербия, Бельгия, Австрия, Венгрия мен Германия, Индияға сынды елдерге барған.
«Мен қыстай жұмыс істеймін де, жаздай сапарлаймын. Сапарымда шешен ұлтының аяғымды жерге тигізбей қонақ еткені есімде қалды. Сосын үндістердің қонақжайлылығына тәнті болдым», – дейді саяхатшы.

Саяхат кезінде қария жаяу жүрген. Сапарларына жалпы 15 млн теңге ақша жұмсаған.

Зейнеткер темір бетон зауытында ұста болып жұмыс істейді, алда талай елді аралайтынын айтады.
