Бір ай — бір кітап. Бір кітап — жаңа ой. Бір кездесу — жаңа көзқарас

«Әділет» партиясының Жастар қанаты қолға алған «Оқырман ұрпақ» жобасы жастарды кітап оқуға үндеп, тұрақты әдеби орта қалыптастыруды көздейді. Жастар ай сайын бір шығарманы оқып, бірге талқылап, өз пікірлерімен бөліседі. Бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен 1500 жас қатысып отыр.

Кітап оқу – тек білім алу емес, өзіңді және әлемді тереңірек танудың бір жолы. Осындай кездесулер жастарға жаңа шығармалармен танысып қана қоймай, өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Оқырман жастар көбейген сайын, зерделі әрі ойлы ұрпақтың да қатары арта бермек.