Ұлытау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Бауыржан Сапар тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырды.

Бауыржан Сапардың ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі 30 жылдан асады. Қызметтік жолдың барлық сатыларынан өткен. Соңғы жылдары Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары және Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.