Ұлытау облысы ПД қызметкері Бірімжан Асылмұрат Нұрболатұлы Әлем чемпионатына жолдама алды

Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны Бірімжан Асылмұрат Нұрболатұлы жуырда Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 65 келі салмақта таяқ тартудан (мас-рестлинг) күміс жүлдегер атанды.

Бұл жеңіс арқылы ол алдағы Әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алды. Әлем біріншілігі Моңғолия мемлекетінде өтеді.

Ұлытау облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Бірімжан Асылмұрат Нұрболатұлын осы маңызды жетістігімен құттықтайды және алдағы Әлем чемпионатында сәттілік тілейді! Біз оның еліміздің намысын абыроймен қорғайтынына сенімдіміз.