Конституцияны құрметтеу – әр азаматтың міндеті
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең басты заңы, мемлекет пен қоғам өмірінің негізгі қағидаларын айқындайтын маңызды құжат. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, олардың міндеттерін де нақты белгілейді.

Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. Онда адам өмірі, құқықтары мен еркіндіктері ең жоғары құндылық ретінде танылады. Сондықтан, әрбір азамат осы құндылықтарды сақтауға және заң талаптарын орындауға міндетті.
Конституцияны құрметтеу – бұл тек заңды сақтауға ғана емес, ол қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу. Азаматтар заңға бағына отырып, мемлекет дамуына, қоғамдық келісім мен бірліктің сақталуына ықпал етеді.
Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда заң үстемдігі орнайды. Мұндай қоғамда әр адам өз құқығын біледі және өзгенің құқығын сыйлайды. Бұл – өркениетті елдің басты белгісі.
Қорыта айтқанда, Конституцияны құрметтеу – әр азаматтың борышы ғана емес, ел болашағына қосқан маңызды үлесі.
Рымтай ӘУЕСХАНОВА,
Ұлытау ауылдық округі
әкімі аппаратының
бас маманы.