Конституция – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің, тұрақтылығы мен бірлігінің басты тірегі. Ата Заң мемлекеттің даму бағытын айқындап қана қоймай, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың негізгі кепілі болып табылады. Бүгінде жаңартылған Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамға айналып отыр.

2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі болды. Халық өз таңдауын жасап, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдау арқылы мемлекет дамуына белсенді қатысатынын көрсетті. Бұл – азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігі мен сенімінің айқын көрінісі.
Жаңартылған Конституцияның басты мақсаты – заң үстемдігін нығайтып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Конституциялық реформалар аясында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халықтың үнін есту қағидатын дамыту және азаматтардың құқықтық қорғалуын арттыру бағытында маңызды қадамдар жасалды.
Ата Заңға енгізілген өзгерістер қоғамдағы әділдік қағидатын нығайтуға негіз болды. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артып, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейді. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасындағы сенімді күшейтіп, ашық қоғам қалыптастыруға жол ашады.
Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ол ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген Ата Заң қоғамдағы татулық пен келісімді сақтауда ерекше рөл атқарады. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оның талаптарын орындау – баршаға ортақ міндет.
Бүгінде жаңартылған Конституция Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдарының бірі ретінде бағалануда. Ол қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, әділетті әрі жауапты мемлекет құруға негіз болып отыр.
Түйіндеп айтқанда, 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдум – халықтың бірлігі мен ел болашағына деген сенімін айқындаған тарихи шешім. Жаңартылған Конституция – тұрақты даму мен жарқын болашақтың берік кепілі.

Гүлдана АХМЕТОВА,
Қаракеңгір ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы.