Кандидаттар Қарсақбайда еңбек ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ержан Есетов Қарсақбай отбасылық амбулаториясының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өздерінің сайлауалды басымдықтары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді, әлеуметтік бағыттағы бастамаларды және кенттің дамуына қатысты тақырыптарды талқылады.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.