Үй ауласында көлік қою: ІІМ желіде таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме берді.

Ведомство көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою талаптары өзгермегенін мәлімдеді.
«Көлік құралдарын гүлзар, көгал, балалар және спорт алаңдарына қоюға және тоқтауға тыйым салатын қолданыстағы нормалар күшінде екенін еске саламыз», – делінген хабарламада.
