Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Елші облыс әкімі Дастан Рыспековпен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен инвестициялық әлеуетін талқылады. Кездесу барысында облыстың өнеркәсіп, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы мүмкіндіктері таныстырылды.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Өңір басшысы Ұлытау облысының өндірістік әлеуеті жоғары аймақ екенін атап өтіп, халықаралық серіктестікті кеңейту өңір экономикасының дамуына тың серпін беретінін жеткізді.

Айта кетейік, Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ұлытау облысына алғаш рет келіп отыр.