ІІМ оқу орындарынан хабарлама келсе, сенбеңіз: министрлік ескертеді
Ішкі істер министрлігі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы жалған хабарлама тарап жатқанын мәлімдеді.

Бұл – жалған ақпарат және министрлікке ешқандай қатысы жоқ.
Бүгінде қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Ол 15-25 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Қорытынды нәтиже «Qyzmet police» жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

