Енді жеке куәлік онлайн рәсімделеді

Ішкі істер және цифрлық даму министрліктерінің бірлескен бұйрығы күшіне еніп, пилоттық жоба іске қосылды.

Жеке куәлікті eGov порталында немесе мобильді қосымшада жаңартуға болады.

Ол үшін eGov платформасында сәйкестендіруден өтіп, фото мен қолтаңба жүктеу қажет. Содан кейін онлайн төлем жасап, құжат дайын болғаны туралы SMS хабарламаны күту керек.