Елге еңбегі сіңген азамат өз таңдауын жасады

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, 40 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек еткен, ерен еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болған Оспанов Мақсұт Сәрсембайұлы отбасымен бірге бүгінгі мәслихат сайлауында дауыс берді.

Өмірін ел игілігіне қызмет етуге арнаған ардагер азамат сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының көрінісі екенін атап өтті.

Ел болашағы жолындағы маңызды таңдауда әрбір дауыс маңызды!