21 қарашадан бастап сабаққа жиі қатыспайтын балалар арнайы есепке алынады

Енді 18 жасқа дейінгі барлық бала туралы мәлімет бірыңғай электронды базаға енгізіледі. Онда мектепте оқитын, балабақшаға баратын және еш жерде білім алмайтын балалар туралы ақпарат жинақталады. Сондай-ақ сабаққа себепсіз жиі келмейтін оқушылар да тіркеледі.

Мектептер мұндай оқушылар туралы мәліметті ай сайын полициямен бірге тексереді. Тізім әр айдың 10-ына дейін Ұлттық білім беру деректер базасына енгізіледі.