BilimClass білім беру платформасына кибершабуыл жасалды
Отандық BilimClass электронды білім беру платформасына жасалған кибершабуыл салдарынан болған ақау 29 қараша күні сағат 01:09-да тіркелген.

Қазір мамандар шабуылдың жүйе жұмысына әсерін тексеріп, оқушылардың, ата-аналар мен педагогтердің жеке деректерін қорғау шараларын қолға алды.
Компания пайдаланушылардың деректерін қорғау қазіргі басты міндет екенін мәлімдеді.
