Ата-аналарды BilimLand білім беру платформасынан түскен хабарламалар алаңдатты
Олар Threads әлеуметтік желісінде өз алаңдаушылықтарын білдірді.

Айтуларынша, жүйеден түсініксіз хабарламалар түскен.


Платформа әкімшілігі себебін түсіндірді.
«Бүгін платформада техникалық инцидент болып, соның салдарынан кейбір пайдаланушыларға қате хабарламалар келген болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта мамандарымыз жағдайды шешу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай жіті бақылауымызда. Сонымен қатар платформаның жұмысында уақытша кедергілер байқалуы мүмкін», – делінген мәлімдемеде.
